Sultan Ospan / Profil
Arkadaşlar
14
İstekler
Giden
Sultan Ospan
Custom Time Zone Indicator
https://indicatorspot.com/indicator/custom-time-zone-indicator/
https://indicatorspot.com/indicator/custom-time-zone-indicator/
Sultan Ospan
Боллинджер лентасы 1980 жылы, стандарттан екі есе ауытқу формуласы негізінде жасалған. Мұндағы стандартты баға, шартты түрде, баланс сызығындағы соңғы 20 шамның орташа көрсеткіші. Келесі индикатор Фибоначчи сандарының реттілігімен жасалған Б. Вильямстың Аллигаторы, 1995 жыл. Оның баланс сызығы - Аллигатордың жағы аталатын көк сызық. Қызығы, екі индикатордың баланс сызығы бір бағаны көрсетеді. Бұдан біз стандарттан екі есе ауытқу формуласы мен Фибоначчи реттілігінің өзара байланысы барын аңғарамыз. Боллинджер лентасы сығылғанда аллигатор ұйқыда болса, үлкен қозғалыс басталғанда лента ашылып, аллигатор да оянады. Бағаның жылдамдығы тырнап өткендей әсер ететін Аллигатор эффектісі агрессивті метод деп те айтылады.
Sultan Ospan
Құлап келген бағаның өсіп кеткенін немесе ренжге түскенін көріп отырмыз. Оның себебі, кейін білгеніміздей, тренд күшінің біртіндеп төмендегені, сатушылардың да ойыннан біртіндеп шығып отырғаны екен. Енді осы жағдайды дәл уақытында бақылай алу мүмкін бе еді? Ондай мүмкіндік бар екен. МАСD - баға қозғалысының гистограмма түрі. Ол жабылу бағамен жүріп отыратындықтан фитильдер ескерілмейді де шум азайып гистограмма маңызды нүктелерден түзіледі. Ал бағаның әлсіреуі мен күшеюін көрсете алуы - оның баланс сызығы (ЕМА-10) көлденең жатқандығында, көлденең сызықты сап түзеген баға нүктелерінің графикадағы шамдардан айтары басқа. Шамдар бізге баға ЕМА-10 астында, тренд жалғасуда десе де, гисторгамма баға ЕМА-10 астында, бірақ алдыңғыдай қарқын жоқ дегенді меңзеп отыр. Шамдар мен гистограммадағы информация бір болғанмен, бағадағы әлсіреу мен күшеюді көлденең сызық балансында аңғару оңай. MACD - көпқырлы қызық инструмент.
Sultan Ospan
Нелинейный методтағы екі индикатордың әдемі үйлесімі. Индикатор авторлары да трейдинг мектептері де бөлек болғанмен негізгі идея ортақ. Авторлар өзеннің (судың) ыңғай алған бағытына ағатыны сияқты нарық қозғалысы да аз қарсылық көрген жағына жүріп отырады деген парадигманы алып келді. Ал бұл құбылысты бақылау үшін Bollinger Bands пен Alligator индикаторлары жақсы құрал бола алады. Методпен танысу үшін Билл Вильямстың "Тарговый хаос" кітабын оқуға болады.
Sultan Ospan
Жылға созылатын чемпионат. 10 мың долларды бір жылда 50-60 мыңға жеткізсең Әлем чемпионы болып тұрсың дей бер. Салыстыру үшін ғана айтайын, Банк доллармен салған депозитке жылына 1% қосып береді.
Sultan Ospan
Биржадағы қызық құбылыс. Қалың үш сызық "Аллигатор" индикаторы. Майда таяқшалар баға қозғалысы. Индикатор авторының да негізгі идеясы - бағаны болжау мүмкін емес, оған тек еріп қана отыру керек дегенге саяды. Нарықта сәуегейлік ету құптарлық іс емес, себебі ол мың-сан адамның әрекеті, ойы мен көзқарасы. Аллигатор атауы визуалды тұрғыдан сәтті шыққан. Оның қозғалысы нарық ойыншыларының психологиялық күйін дәл көрсете алады. Нарықта бағыт анық болмай, ұзақ уақыт қысқа диапазонда тұрып қалатын сәт жиі болады, бұл кезеңде Аллигатор ұйқыда болса, үлкен қозғалыста оянып аңшылық етеді. Билл Вильямс "Тарговый хаос" кітабы
Sultan Ospan
"Помните, что те, кто пишут о финансах, знают о том, как работает рынок не больше, а то и меньше вас. Им платят за количество написанных слов, а не за правдивость или точность анализа. Если бы они действительно разбирались в рынках, они могли бы сделать гораздо больше денег, торгуя, чем делают, пописывая о торговле." - Б. Вильямс
: