Sultan Ospan / 프로필
Sultan Ospan
Нелинейный методтағы екі индикатордың әдемі үйлесімі. Индикатор авторлары да трейдинг мектептері де бөлек болғанмен негізгі идея ортақ. Авторлар өзеннің (судың) ыңғай алған бағытына ағатыны сияқты нарық қозғалысы да аз қарсылық көрген жағына жүріп отырады деген парадигманы алып келді. Ал бұл құбылысты бақылау үшін Bollinger Bands пен Alligator индикаторлары жақсы құрал бола алады. Методпен танысу үшін Билл Вильямстың "Тарговый хаос" кітабын оқуға болады.
Sultan Ospan
Жылға созылатын чемпионат. 10 мың долларды бір жылда 50-60 мыңға жеткізсең Әлем чемпионы болып тұрсың дей бер. Салыстыру үшін ғана айтайын, Банк доллармен салған депозитке жылына 1% қосып береді.
Sultan Ospan
Биржадағы қызық құбылыс. Қалың үш сызық "Аллигатор" индикаторы. Майда таяқшалар баға қозғалысы. Индикатор авторының да негізгі идеясы - бағаны болжау мүмкін емес, оған тек еріп қана отыру керек дегенге саяды. Нарықта сәуегейлік ету құптарлық іс емес, себебі ол мың-сан адамның әрекеті, ойы мен көзқарасы. Аллигатор атауы визуалды тұрғыдан сәтті шыққан. Оның қозғалысы нарық ойыншыларының психологиялық күйін дәл көрсете алады. Нарықта бағыт анық болмай, ұзақ уақыт қысқа диапазонда тұрып қалатын сәт жиі болады, бұл кезеңде Аллигатор ұйқыда болса, үлкен қозғалыста оянып аңшылық етеді. Билл Вильямс "Тарговый хаос" кітабы
Sultan Ospan
"Помните, что те, кто пишут о финансах, знают о том, как работает рынок не больше, а то и меньше вас. Им платят за количество написанных слов, а не за правдивость или точность анализа. Если бы они действительно разбирались в рынках, они могли бы сделать гораздо больше денег, торгуя, чем делают, пописывая о торговле." - Б. Вильямс
: